Теміржол апаты: ШҚО-да пойыз екі әйелді басып кетті

Qaz365.kz редакциясы

Бұл деректі «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі хабарлады

 

 

gov.kz

22 тамыз күні Шығыс Қазақстан облысында екі әйел пойыз астында қалды, деп хабарлайды Qaz365.kz «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Пойыз машинисі темір жолда екі адамның болуына байланысты шұғыл тежеуді қолданды. Бірақ бұл әрекет адамды басудың алдын алуға мүмкіндік бермеді», - делінген хабарламада.

Оқиға 22 тамыз күні сағат 10:20-да Коршунов – Өскемен-1 аралығында болған. Салдарынан бір әйел оқиға орнында көз жұмып, екіншісі ауруханаға жеткізілген.