Борт командирі жолаушылардың қауіпсіздігі үшін ұшақпен кері қайту дұрыс деп шешкен
Астанадан Нячангқа ұшып шыққан VietJet Air ұшағы елордаға қайта оралды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Астана әуежайының баспасөз қызметінің мәліметінше, әуе кемесінің аэродромға қайта оралуы туралы шешімді жолаушылар мен экипаждың қауіпсіздігіне және авиациялық тәртіпке сәйкес, экпаж командирі қабылдаған.
“Ұшақта Астана әуежайында қабылдау үшін барлық қажетті жағдайлар жасалды”, – делінген хабарламада.
Ұшақ жерге штаттық режимде қонды.