Өскеменде былтыр 600 миллион теңгеге жөнделген көпір опырылып түсті

Qaz365.kz редакциясы
Фото: instagram.com/akyshovalmat

Өскемен қаласында Шнайдар көпірінің жартысы құлап қалды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Үлбі өзенінің қуатты ағысы өткел тірегін ағызып кетті. Соңғы тәулікте су деңгейі 6 метрге дейін көтеріліп кеткен. Қазір көпірде қозғалыс тоқтатылды. Жергілікті билік тосын оқиғаны тексеру үшін арнайы комиссия құрып, жағдайды шұғыл қызметтер мен қалалық әкімдіктің мамандары зерттеуде. Еске сала кетейік, көпірдің тірек конструкцияларын жөндеу жұмыстары биыл ғана аяқталған болатын. Оны жөндеуге 600 млн теңгеден астам қаражат инвестицияланған. Әкімдік өкілдері көпірді қалпына келтіруді кепілді міндеттемелер бойынша мердігерлерден талап ететінін жоққа шығармайды.

«Көпір (шағын айналма жол) жартылай опырылған. Оқиға орнына барлық қажетті қызмет, сондай-ақ жедел әрекет ету режимінде жұмыс істеп жатқан арнайы бөлімшелер жетті», - деп хабарлады әкімдік.

Қала билігі төтенше жағдайды жою үшін шаралар қабылданып жатқанын атап өтті.

«Барлық күш пен құрал жағдайды қалпына келтіруге және тұрақтандыруға бағытталған. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жергілікті деңгейде төтенше жағдай жарияланды», - деп атап өтті әкімдік.

Әкімдік қала тұрғындарын тыныштық сақтауға және оқиға болған аумақтан аулақ жүруге шақырды.