Қанды қылмыс тапа-тал түсте болған
Талғарда көлік жөндеу орталығында жұмыс істейтін жігіт бір адамды атып өлтіріп, кішкентай қызын ұрлап кетті, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Қанды қылмыс тапа-тал түсте болған.
Адвокат Гауһар Сариеваның айтуына қарағанда, бір ай бұрын әпкесін зорлады деп айыпталған СТО қызметкері күдікке ілініп отыр.
Алайда полицияның бұл іс бойынша ешқандай шара қолданбағанын да мәлімдеді.
Кеше адвокат күдіктіні ұстап алып, полицияға тапсырған. Бірақ келесі күні оны босатып жіберген.
Қамаудан босаған ер адам Сариеваның әпкесін қорқытып, өміріне қауіп төндірген.
Сол күні кешке күдікті жәбірленушінің ағасының үйіне барып, оны атып өлтіріп, екі жасар қызын алып кеткен.
Полицияның мәлімдеуінше, арнайы жасақ қызметкерлері сәбиді құтқарып алған, оның өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.
Полиция қызметкерлері күдіктінің артына түсіп, оны ұстау әрекеттерін жасауда.
Оқиға Ішкі істер министрінің жеке қадағалауында.