Таразда 22 жастағы бала 41 жастағы өзінің анасын зорлаған

Qaz365.kz редакциясы
pexels.com

Таразда 41 жастағы жергілікті тұрғын полицияға жүгінді. Әйел өз ұлы тарапынан зорлық-зомбылық көргенін айтқан, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Әйел өз баласының үстінен полицияға арыз жазған. Тәртіп сақшылары жедел іс-шаралар кезінде 22 жастағы күдіктіні ұстады. 

Қазір істі жан-жақты, толық әрі объективті тергеу үшін барлық қажет тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр, – деп түсіндірді ведомство.

Полиция департаментінің өкілдері тергеу мүддесіне орай өзге ақпарат жарияланбайтынын жеткізді.

Қылмыскерге сегіз жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін. Күдікті еш жерде жұмыс істемейді.

Полиция Қылмыстық кодекстің 120-бабы («Зорлау») бойынша іс қозғады. Сот бұлтартпау шарасын қолданды. Жәбірленушінің ұлы қамауға алынды.