Жамбыл облысы, Мәттібұлақ ауылындағы №01098 әскери бөлімінде сарбаздың мәйіті асылған күйінде табылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Әскерилер марқұмның отбасына оның өзіне қол жұмсағаны туралы хабарлаған.
Қайтыс болған жігіттің әпкесі, Шымкент қаласының тұрғыны Енлік Қалтаеваның айтуынша, өткен жылдың күзінде әскер қатарына Даниял Шынарбек шақырылса, көктемде оның егізі Дінмұхаммед те әскерге аттанған. Бауырлар Отар гарнизонында бірге қызмет етуді қалаған. Алайда ант қабылдағаннан кейін Дінмұхаммедті кенеттен №01098 әскери бөліміне ауыстырып, егіздерді екіге айырған.
29 тамызда ғана 19 жасқа толды. Еңбекқор, мейірімді, болашағына сеніммен қараған жігіт еді. Біз бұл жағдайға сене алмай отырмыз. Отбасымызбен бірге Президентке жүгініп, Дінмұхаммедіміздің қазасын әділ тергеуді талап етеміз, – деді Енлік Қалтаева.
Айта кетейік, бұл оқиға 17 қыркүйек күні болған. Марқұм сарбаз Дінмұхаммед Шынарбек бар-жоғы бір ай бұрын кәмелеттік жасқа толған екен.