Кеосаян 2008 жылы инфаркт жағдайында ауруханаға түсіп, жүрегіне ота жасаған болатын
59 жасында ресейлік режиссёр Тигран Кеосаян өмірден өтті. Соңғы тоғыз ай бойы ол жүрек ауруынан кейін клиникалық өлімге ұшырап, комада жатқан еді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
«Бүгін түнде Тигран Жаратушының құзыретіне кетті», — деп жазды оның жұбайы Маргарита Симоньян Telegram-арнасында.
Кеосаян 2008 жылы инфаркт жағдайында ауруханаға түсіп, жүрегіне ота жасаған болатын. Одан кейін 2010 жылы Кеосаян тағы да жүрек талмасына ұшырады.
Еске салайық, 2022 жылдың 27 сәуірінде Кеосаян Қазақстанға қатысты теріс мәлімдеме жасаған едіОнда ол сол жылы "Қазақстанның билігі Жеңіс күніне орай әскери парад өткізуден бас тартқаны үшін" республикаға доқ көрсетті. Видеода ресейлік тележүргізуші "Украинада болғаны Қазақстанда да қайталануы мүмкін екенін" қатаң ескертті.
Сондай-ақ Кеосаян Ресей басшылығын, "жауапты тұлғаларды Қазақстанмен арадағы қарым-қатынастардың деңгейін қайта қарауға" шақырды. Бұл екі елдің ынтымақтастығын доғаруға, қақтығысуға үндегенмен бірдей еді.
Содан КазТАГ пен "Азаттықтың" жазуынша, 2022 жылғы маусымда Тигран Кеосаян "арасына террористер де қосылған, елге келуі қаланбайтын тұлғалардың қара тізіміне" енгізілді.