Қостанай облысында ер адам әйелі мен ұлын өлтірді деген күдікке ілінді

Qaz365.kz редакциясы

Күдікті Әулиекөл ауданында «ізін суытпай» қолға түсті.

t.me/dpkost

Қостанай облысының полициясы 51 жастағы ер адамды өз отбасының мүшелерін қатыгездікпен өлтірді деген күдікпен ұстады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, күдікті Әулиекөл ауданында «ізін суытпай» қолға түсті.

Күдікті қылмысын мойындады және уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қазіргі таңда қылмыстық іс қозғалып, тергеу оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр, – деді полиция өкілдері.

Ведомство дерегінше, ер адам өз жұбайы мен кәмелетке толмаған ұлын өлтірді деген күдікке ілінген.

Бұған дейін БАҚ пен әлеуметтік желілерде Аманқарағай ауылында екі адамды өлтірген күдіктіні іздестіріп жатқаны жайлы ақпарат тараған еді. Сол кезде тұрғындарға аса қажеттіліксіз сыртқа шықпауға және жақындарын ескертуге кеңес берілген.

Белгілі болғандай, полицияға хабарды ауыл тұрғыны жеткізген: оған көшеде кішкентай қыз келіп, үйінде анасы мен бауыры еденде жатқанын айтқан. Осыдан кейін күдіктіге іздеу жарияланған.

Құқық қорғаушылар қылмысқа қатысы бар адам заңға сәйкес қатаң жазаға тартылатынын мәлімдеді.