Әйелдің денесінде зорлық-зомбылық белгілері анықталмаған
Қарағандыда полицейге қатысты оқиға бойынша жаңа мәліметтер белгілі болды. Бұған дейін полиция пунктінен жалаңаш әйелдің мәйіті табылып, жанында ес-түссіз жатқан тәртіп сақшысы ауруханаға жеткізілген еді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, әйелдің денесінде зорлық-зомбылық белгілері, оқиға орнынан қан ізі анықталмаған. Сондай-ақ химия-токсикологиялық сараптама қорытындысы тергеу мүддесіне байланысты әзірге жария етілмейді.
Ал ес-түссіз күйде табылған полиция майоры қазір жансақтау бөлімінде жатыр.
«Өте ауыр жағдайда жатыр. Ол жансақтау бөлімінде жасанды тыныс алу аппаратына қосылған», – делінген облыстың денсаулық сақтау басқармасы хабарламасында.
Қазіргі таңда аталған фактіге байланысты тергеу амалдары жалғасып жатыр.