Алматыда сарбаз үшінші қабаттан секіріп кетті

Qaz365.kz редакциясы

Қызметтік тексеріс басталып, оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр деп айтылады. 

Ашық дереккөздерден

Алматыда әскери бөлімдердің бірінде сарбаз көп қабатты ғимараттан секіргеннен кейін тексеріс басталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

“4 қазанда 5571 әскери бөлімінде сарбаз үшінші қабаттан секіріп кетті. Ол қаладағы жедел көмек ауруханасына жеткізілді, тиісті медициналық көмекті алып жатыр” деп жазылған Ұлттық гвардияның “Оңтүстік” өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінің хабарламасында. 

Қызметтік тексеріс басталған, жай-жапсары анықталып жатыр деп айтылады. 

Ведомствоның хабарлауынша, сарбаз әскери борышын өтеп жүрген кезде оған “бейімдеу қабілетінің бұзылуы” диагнозы қойылған. Әскери-дәрігерлік комиссиясының шешімін күтіп жүрген.