Жақындарына оның менингококцемиядан қайтыс болғанын айтқан
2025 жылғы 5 қазанда Алматы облысы бойынша департаменттің медициналық қамтамасыз ету бөлімінде ҰҚК Шекара қызметінің қатардағы сарбазы қайтыс болды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Алдын ала медициналық қорытындыға сәйкес, өлімнің себебі – менингококцемия.
– Аталған факті бойынша Алматы қаласы Наурызбай ауданының полиция басқармасында сотқа дейінгі тергеу тіркелді. Қызметтік тексеріс басталды. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі сарбаздың марқұмның туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады, – делінген хабарламада.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі марқұмның туыстары мен жақындарына көңіл айтты.
Алайда қайтыс болған сарбаз Нұрасыл Әнуардың туыстары бұған сенбейді. Оларға суық хабарды 5 қазан күні таңертең жеткізген.
Туыстарының сөзінше, сарбаз әскерге 27 қыркүйекте шақырылып, Алматы облысы Қарасай шекара бөлімінде әскери борышын өтеген. Бір аптадан кейін қаза болғаны белгілі болды.
"Сүйегін әлі бермеді. Үш-төрт сағат болды күтіп отырғанымызға. Үш мекенжайды айтты. Үшеуінің бәріне барып шықтық. Соңғы мекенжайда күтіп отырмыз. Әлі берген жоқ" деді сарбаздың әпкесі Динара Мейрамбекқызы.
Жақындарына оның менингококцемиядан қайтыс болғанын айтқан. Алайда туыстары сарбаздың денсаулығы жақсы болғанын айтады.
"Ол ауырмаған. Соңғы рет кеше кешке ағасымен сөйлескен еді. Сол кезде "мына жақ болмайды" деп айта берді", – дейді Нұрасылдың нағашы әпкесі Динара Мейрамбекқызы.