Қазіргі таңда күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды
Атырауда полиция жеке компания басшысынан ірі көлемде ақша бопсалаған 36 жастағы әйелді ұстады, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Тергеу дерегінше, ол кәсіпорын қызметіне қатысты бейнематериалды жарияламау үшін 10 млн теңге талап еткен.
Журналисті полицейлер ақшаның бір бөлігін – 4 млн теңгені – делдал арқылы алып жатқан кезінде қолға түсірген.
Қазіргі таңда күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Оған қатысты Қылмыстық кодекстің 194-бабының 2-бөлігі бойынша (алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған қорқытып алу) сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Полиция өзге тұлғалардың бұл іске қатыстылығын тексеріп жатыр.