Қостанай-Астана рейсінің жолаушылары ұшақ дөңгелегінен ұшқын шашып тұрғанын байқаған
Qazaq Air ұшағында болған апатты жағдайға қатысты Көлік министрлігінде арнайы жұмыс тобы құрылып, тергеу басталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
"Қостанай-Астана бағыты бойынша Qazaq Air әуе компаниясының рейсінде болған авиациялық оқиғаны тергеп-тексеру үшін саладағы ережелерге сәйкес арнайы комиссия құрылады. Бұл жұмысты министрліктің Көліктегі оқиғаларды тергеу департаменті жүргізеді", - делінген хабарламада.