Бүгін таңертең Батыс Қазақстан облысының Бөрлі ауданына қарасты Қызылтал ауылы маңында дрон жарылғаны белгілі болды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Қорғаныс министрлігі оқиғаны растады. Ведомствоның мәліметінше, дрон сынықтары елді мекеннен қашық жерден табылған.
«Зардап шеккендер мен материалдық шығын жоқ. Қазір Қорғаныс министрлігі басқа мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, дронның шығу тегі мен жарылыстың себептерін анықтап жатыр. Бұл құрылғының кімге тиесілі екенін нақтылау үшін шетелдік серіктестермен кеңес жүргізіліп жатыр», – делінген ресми хабарламада.
Сонымен қатар министрлік елдің әуе кеңістігіне бақылау күшейтілгенін және рұқсатсыз ұшатын нысандардың мемлекеттік шекарадан өтуіне жол бермеу шаралары қабылданып жатқанын мәлімдеді.