Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ
Шымкент қаласында Республика күні мерекесіне орай ұйымдастырылған концерттің аяғында атылған отшашу соңы өртке ұласты, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бұл туралы қалалық Төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.
“2025 жылғы 25 қазан күні сағат 23:42-де Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Нұрсат шағын ауданы, Назарбаев көшесі бойындағы ашық алаңда 250 шаршы метр аумақта құрғақ шөп жанды. Өрт сағат 23:44-те оқшауланып, 23:50-де толық сөндірілді. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ”, – делінген хабарламада.
Өртті сөндіруге Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің 18 қызметкері және 4 бірлік техникасы жұмылдырылған..