Түркістан облысының Шардара ауданындағы Қ.Аманжолов атындағы мектепте қайғылы жағдай тіркелді. Алдын ала мәліметке сәйкес, бесінші сынып оқушысы дене шынықтыру сабағында құлап, жарақат алған, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Мұғалім мен мектеп фельдшері алғашқы медициналық көмек көрсетіп, баланы Шардара аудандық ауруханасына жеткізді. Алайда дәрігерлер бар күшін салғанына қарамастан, оқушы ота кезінде қайтыс болды, – деп хабарлады ведомство.
Облыстық білім басқармасы оқиғаны өз бақылауына алғанын хабарлады.