Түркістан облысының Жетісай ауданындағы Алғабас ауылында болған қайғылы өрттен қаза тапқан 12 адамның аты-жөні жарияланды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Қаза тапқандардың арасында бір үйдің ата-анасы мен олардың балалары, сондай-ақ туыстары бар.
Мерт болғандардың тізімі:
Шойбеков Дауренбек Талғатбекұлы – 1991 жылғы (үй иесі)
Амантұрдыева Динара Қадырбекқызы – 1994 жылғы (жұбайы)
Талғатбек Асия Дауренбекқызы – 2015 жылғы
Талғатбек Дана Дауренбекқызы – 2017 жылғы
Талғатбек Алуа Дауренбекқызы – 2019 жылғы
Талғатбек Амирхан Дауренбекұлы – 2021 жылғы
Талғатбек Алихан Дауренбекұлы – 2021 жылғы
Өмірзахова Маржан Әлдиярқызы – 1990 жылғы
Талғатбек Жансая Олжасұлы – 2009 жылғы
Талғатбек Ассабұр Олжасбекұлы – 2010 жылғы
Талғатбек Мұхит Олжасбекұлы – 2012 жылғы
Талғатбек Раяна Олжасбекқызы – 2024 жылғы
Ресми мәлімет бойынша, өрттен екі ересек және бір бала аман қалған. Олардың жағдайы ауыр, дәрігерлер жансақтау бөлімінде ем алып жатқан науқастардың өмірін сақтап қалу үшін бар күшін салып жатыр.
Қайғылы оқиға таңғы уақытта болған. Өрт кезінде үйдің шатыры опырылып, ішінде болған адамдардың көбісі сыртқа шығып үлгермеген.
Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Оқиға орнына Төтенше жағдайлар қызметі, полиция және прокуратура өкілдері тартылған.