Маңғыстауда ер адам полиция ғимаратының алдында өзін өртемек болды

Qaz365.kz редакциясы
instagram.com/112_aktau

Маңғыстау облысы Бейнеу ауылында 33 жастағы азамат аудандық полиция бөлімшесінің бақылау-өткізу пункті маңында өзін өртемек болған. Оқиға сәті түсірілген видео әлеуметтік желілерде тарады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Куәгерлердің сөзінше, ер адам бұл әрекетке жолда алған әкімшілік айыппұлға наразылық ретінде барған. Ол Атырау бағытындағы тас жолда ереже бұзғаны үшін айыппұл алып, кейін Бейнеу аудандық полиция бөлімшесіне келіп, үстіне бензин құйып, от қоюға тырысқан.

Алайда тәртіп сақшылары дер кезінде араласып, өзін-өзі өртеу әрекетінің алдын алған. Ер адамға алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, дәрігерлердің қарауына берілді.

«Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда», — деп хабарлады Маңғыстау облыстық полиция департаменті.