Әнші Мұқасан Шахзадаевтың үстінен қылмыстық іс қозғалды

Qaz365.kz редакциясы

Жанжал топ орындайтын әнге байланысты туған

Коллаж Qaz365.kz

Ғалымжан Сүлеймен әлеуметтік желіде топтың экс-әншісі Мұқасан Шахзадаевтың өзін сабап тастағанын айтқан еді. Алматы полиция департаменті әншіге қатысты қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Жәбірленушінің заңгері Инга Иманбайдың айтуынша, жанжал топ орындайтын әнге байланысты туған.

«2024 жылдың 22 қарашасында Наурызбай аудандық Полиция басқармасына жергілікті тұрғын азамат М. және өзге де бірнеше тұлғалардың тарапынан оған дене жарақатын салу дерегі бойынша арызбен жүгінді. Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның барлық мән-жайларын анықтауға бағытталған кешенді тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр»,- деп мәлімдеді ПД. 

Айта кетейік, «Нұр-Мұқасан» тобының экс солисі Мұқасан Шахзадаев топқа жаңадан қосылған Ғалымжан соққыға жығылғанын хабарлаған еді.