Әлеуметтік желілерде Алматы әуежайында суррогат аналар босанған сәбилермен Қазақстаннан шығуға тырысқан бірнеше шетелдік жұп ұсталғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бұл жағдайға байланысты Алматы қалалық полиция департаменті ресми түсініктеме берді.
«Аталған факт бойынша Алматы қаласы полиция департаментінің тергеу басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 135-бабы, 1-бөлігі – кәмелетке толмағандарды саудаға салу бабымен қылмыстық іс қозғады. Тергеу барысында барлық мән-жай толық әрі жан-жақты зерттелуі үшін Қылмыстық-процестік кодекстің 24-бабы талаптарына сай іс жүргізілуде», – деп хабарлады полицияның баспасөз қызметі.
Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр, істің барлық қатысушылары анықталуда.