Ринат Зайыттың анасы қайтыс болды

Qaz365.kz редакциясы

Мәжіліс депутаты Ринат Зайыттың анасы өмірден озды. Қаралы хабарды оның әріптесі Мақсат Толықбай өзінің Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Ринат Зайыт бауырымыздың анасы қайтыс болды. Асылынан айырылған досымның қайғысына ортақтасып, көңіл айтамыз. Жаназа намазы да, жерлеу рәсімі де Семей қаласында өтетінін айта кетейін», – деп жазды депутат өзінің Facebook парақшасында.

Марқұм Сүлейменова Роза Қалияскаровнаға арналған жаназа рәсімі 3 желтоқсан күні сағат 10:00-де Семей қаласындағы Абай атындағы мешітте өтеді.

Ал қонақасы сол қаладағы «Хан Тенгри» мейрамханасында, Нұрбаева 31 мекенжайында, 2 желтоқсан күні сағат 18:00-де ұйымдастырылады.