Ақтөбеде 16 жастағы оқушы анасын өлтіріп, әжесін жарақаттаған

Qaz365.kz редакциясы
Elements.envato.com

Ақтөбеде жантүршігерлік оқиға тіркелді. 16 жастағы жасөспірім өз анасын өлтіріп, әжесін жаралаған. Бұл туралы Qaz365.kz полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

Полицияға қала тұрғынынан ауыр қылмыс туралы хабар түскен. Көп ұзамай күдікті жасөспірім оқиға орнында ұсталып, өз кінәсін мойындаған.

Жараланған 71 жастағы әйел дереу қалалық аурухананың травматология бөліміне жеткізілген, қазіргі уақытта ол есін біледі.

Баланың мінез-құлқы мен отбасы жағдайына қатысты мәлімет берген Бала құқықтарын қорғау басқармасының өкілдері оның толық әрі үлгілі отбасында өскенін, жақсы оқығанын, бірақ үндемейтін, тұйық мінезді болғанын айтты.

Қазір бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу амалдары жүргізілуде.

Білім басқармасы мен құқық қорғау органдары мектептерде қауіпсіздік шараларын күшейтіп, ата-аналарға балаларының психологиялық жай-күйіне ерекше көңіл бөлуге шақырды.