Алматыда 4 желтоқсанда Астана уақытымен 12:45-те жер сілкінісі сезілді. Бұл туралы ҚР ТЖМ «Сейсмологиялық зерттеу институты» мәлім етті, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Зілзала ошағы Қытай аумағында, Алматыдан 277 км оңтүстік-шығысқа қарай орналасқан. Магнитудасы – 6,7.
Алматыда жерасты дүмпуі 3 балл деңгейінде байқалды.
ТЖМ мәліметінше, зиян келді деген ақпарат жоқ, зардап шеккендер туралы мәлімет түскен жоқ. Ақпарат нақтыланып жатыр.
3 балл:
Алматы қ., Кеген, Райымбек, Еңбекшіқазақ (Есік), Талғар, Ұйғыр, Қарасай аудандары
2 балл:
Іле, Жамбыл, Жетіген, Қонаев, Балқаш аудандары;
Жетісу облысы – Талдықорған, Кербұлақ, Панфилов, Текелі, Көксу, Ескелді, Қаратал, Ақсу (Жансүгіров), Сарқанд;
Жамбыл облысы – Қордай, Шу, Меркі, Т.Рысқұлов аудандары
Желі қолданушылары дүмпуді анық сезгенін жазып жатыр:
«Алатау ауданында қатты сезілді, Алматы Арена жақ»
«Жаман сезілді, 7-қабатта тұрам»
«Боралдайда қатты болды»
«Қорқып кеттім»
«Өте қатты сезілді»
«Шаңырақтағы үйде болдым»
Мамандар тыныштық сақтап, ресми ақпаратты ғана пайдалануды сұрайды.