Ақтөбе облысы Темір қаласының әкімі Еркін Далмағамбетов өз-өзіне қол салып, қайтыс болды. Оның денесі үйінен табылған, деп хабарлайды Qaz365.kz Orda.kz сайтына сілтеме жасап.
20 желтоқсанда кешкі сағат тоғыз шамасында 46 жастағы әкімнің мәйіті табылған. Ресми емес жеке мәліметтерге қарағанда, сол күні ол достарымен кездескен. Аудан әкімдігі трагедияны растады.
«Денесі үйден табылды. Қазір оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты тексеріп жатырмыз. Оның артында балалары қалды», — деді Темір ауданының әкімі Алмас Жақсылықов.
Еркін Далмағамбетов екі рет некеге тұрған, жалпы алты баласы бар.
Ол өткен жылдың маусым айында Темір қаласының әкімі болып тағайындалған. Бұған дейін мемлекеттік қызметте әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеген.
Ақтөбе облысының полиция департаменті іске қатысты мәлімдеме жасады.
«Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу жүргізіліп жатыр. Басқа ақпарат жарияланбайды», – делінген хабарламада