Қазақша жауап беруден бас тартқан Gusto мейрамханасының қызметкері жұмыстан кетті

Qaz365.kz редакциясы
Коллаж: Qaz365.kz

Шымбұлақ тау-шаңғы курорты мен Gusto мейрамханасының қазақ тілінде жауап беруден бас тартқан қызметкері жұмысынан кетті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Мейрамхана басшылықтың шешімінің құқықтық баға емес екенін атап өтті.

«Құрметті қонақтар мен оқырмандар! Gusto мейрамханасы 21 желтоқсанда болған жағдайға байланысты ішкі тексеруді аяқтады.Тексеру нәтижесінде қызмет көрсету стандарттары мен корпоративтік байланыс ережелеріне сәйкес, әкімшісінің қызметін тоқтату туралы шешім қабылданды. Бұл шешім тек ішкі тәртіп шарасы және оқиғаға қатысушылардың әрекеттеріне құқықтық баға бермейді», — деп мәлімдеді мейрамхана. 

Еске сала кетсек, бұған дейін Бақытжанов есімді әлеуметтік желі қолданушысы осы оқиғаны жариялаған болатын.

Оның сөзінше, қызметкер: «Мен КСРО-да туғанмын және қазақ тілінде сөйлеп, қызмет етуге міндетті емеспін. Маған қазақ тілі керек емес» деп қазақша сөйлеуден бас тартқан. Оның бұл сөзін әлеуметтік желі қолданушылары қызу талқылаған еді.