Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады
Ақмола облысының Көкшетау қаласында екі қабатты көппәтерлі тұрғын үйдің электр қалқанында өрт шыққан, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Оқиға орнына келген ТЖМ қызметкерлері өртті 6 шаршы метр аумақта жедел түрде сөндірді.
Кіреберістегі қатты түтінденуге байланысты ТЖМ қызметкерлері үш буынды сатының көмегімен терезе ойықтары арқылы 17 адамды, оның ішінде 5 баланы құтқарып қалды.