ШҚО-да мектеп оқушысы жоғалып кетті

Qaz365.kz редакциясы

Ол екі күннен кейін табылды

Polisia.kz

Шығыс Қазақстан облысында Риддер қаласында жоғалған мектеп оқушысы аман-есен табылды. Бұл туралы полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Оқушы 31 желтоқсанда сабақтан кейін үйіне оралмай, сол күні-ақ туыстары полицияға жүгінген. Іздестіру жұмыстары бірден басталып, екі тәуліктен астам уақытқа созылды.

Полицияның мәліметінше, іздеу жұмыстарына жедел қызметкерлер, учаскелік инспекторлар және ерікті тұрғындар тартылған. Қала аумағы мен оған жақын жерлер толық тексерілген.

Нәтижесінде мектеп оқушысының жүрген жері анықталып, ол қауіпсіз жағдайда үйіне жеткізілді. Қыз баланың өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ.

Оқиғадан кейін полиция қызметкерлері жасөспіріммен және оның ата-анасымен профилактикалық түсіндіру жұмыстарын өткізді. Балалардың қауіпсіздігі, ата-анамен тұрақты байланыста болу және осындай жағдайлардың алдын алу жолдары айтылды.

Құқық қорғау органдары іздестіру жұмыстарына көмектескен барлық азаматқа алғыс білдіріп, ата-аналарға үндеу жасады.

Полиция балалардың қауіпсіздігіне мұқият болуға, олармен тұрақты байланыс орнатуға және күмәнді жағдай туындаса, бірден «102» нөміріне хабарласуға шақырады.