Астанада жоғалған екі бала көл жағасынан табылды

Qaz365.kz редакциясы

ТЖМ құтқарушылары жоғалған балаларды тапты

ТЖМ

Астана қаласының Есіл ауданында Майбалық көлінің маңында серуендеуге шығып, бағытынан адасқан екі баланы іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды Qaz365.kz ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап. 

«Балаларды іздеу жұмыстарына құтқарушылар, кинологиялық есептоп, ұшқышсыз ұшу аппараты, сондай-ақ жол талғамайтын көлік жұмылдырылды. Құтқарушылардың күшімен аумақ мұқият тексерілді», – делінген хабарламада.

Нәтижесінде іздестіру тобы Майбалық көлі маңындағы ашық алаңнан 2012 жылы туған екі баланы тауып, ата-анасына тапсырды. Балаларға медициналық көмек қажет болмады.