Жамбыл облысында 11 жастағы қыз әжетхана шұңқырына құлап кетті

Qaz365.kz редакциясы

Жамбыл облысының Байзақ ауданында 11 жастағы қыз бала даладағы әжетхананың шұңқырына құлап кетті. Оқиға туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ведомство мәліметінше, оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар арнайы құрал-жабдықтардың көмегімен шұңқырға құлаған баланы қауіпсіз түрде шығарып алған.

Құтқару операциясынан кейін қыз бала медициналық тексеру және қажетті көмек көрсету үшін дәрігерлерге тапсырылды. Қазіргі таңда оның жағдайы дәрігерлердің бақылауында.