Атырауда жоғалған отбасының екі мүшесінің мәйіті табылды

Qaz365.kz редакциясы

Алдын ала мәліметтерге сүйенсек, жоғалған адамдар қасақана өлтіріліп, сарайға көмген. Тергеу барысында қылмыс жасалған орынның едені алдын ала линолеуммен жабылғаны анықталған.

Қазір тергеу амалдары мен қажетті сот-сараптамалары тағайындалып, құқық қорғау органдары тексеріс жүргізіп жатыр. Қаза тапқандардың жеке басы әзірге ресми түрде нақтыланған жоқ, алайда алдын ала болжам бойынша, олар отбасының жасы үлкен мүшелері болуы мүмкін.

Сонымен қатар, бейресми дереккөздерде бұл қылмысқа жоғалған отбасының күйеу баласының қатысы болуы ықтимал деген нұсқа айтылып жатыр. Алайда полиция аталған ақпаратты растаған жоқ.