Шымкентте әскери борышын өтеуге барған сарбаз қайтыс болды

Qaz365.kz редакциясы

Оның жүрегі кенеттен тоқтап қалған

Фотоны ұсынған сарбаздың отбасы

Шымкентте әскери борышын өтеуге барған сарбаз қайтыс болды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Шымкент қаласындағы 6506 әскери бөлімінің сарбазы Данияр Амалбеков іскер қатарына Жамбыл облысынан шақырылған.

“6 қаңтарда оның жүрегі кенеттен тоқтап қалды. Ол қалалық ауруханалардың бірінде қайтыс болды. Алдын ала қойылған диагноз – "жедел лейкемия", – деп хабарлады Ұлттық ұланның баспасөз қызметі.

Марқұмның туыстары оның ауруханаға түскені туралы бірнеше аптадан кейін ғана білгенін айтады. Алғашында "пневмония" делініп, кейін "емделіп шықты" деген ақпарат берілген.

Туыстары "Сау бала әскерге кетіп, бір айдан кейін табытпен оралды" деп отыр.