Атырауда жоғалған отбасындағы қыз бейнебақылау камерасына түсіп қалған

Qaz365.kz редакциясы

Индер ауданындағы жанармай бекетінде байқалған

Ашық дереккөздерден

Із-түзсіз кеткен Жангелдин ауылындағы зейнеткер отбасына қатысты жаңа дерек шықты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Белгілі болғандай, олардың екінші қызы елден шығып кеткен.

6 қаңтар кешкісін полицейлер жоғалған ерлі-зайыптының денесін тапқанын хабарлады. Екеуінің мәйіті үй жанына орналасқан сарайдан шыққан. Оқиға орны сот-медициналық сараптамаға жіберілді.

Ал жоғалған ерлі-зайыптының екінші қызы 5 қараша күні таксимен аттанған. Ол үйде тұрмаған. Кейін бейнебақылау камералары оны Индер ауданындағы жанармай бекетінде тіркеген. Қазір белгілі болғандай, ол күйеуімен бірге Өзбекстанға кетіп қалған.

Айта кетейік, бұл отбасы өткен жылдың қазан айында жоғалып кеткен еді.