Астана – Петропавл автожолында Toyota Camry жеңіл көлігі мен Shacman жүк көлігі соғысып, ауыр жол-көлік оқиғасы тіркелді. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаменті мәлім етті, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Полицияның мәліметінше, апат салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі мен үш жолаушысы оқиға орнында көз жұмған.
Алдын ала дерек бойынша, Toyota Camry қарсы бағыттағы жолаққа шығып кетіп, оған қарсы келе жатқан жүк көлігімен соқтығысқан. Қайғылы жағдай Астана – Петропавл бағытындағы тас жолда болған.
Құқық қорғау органдары жүргізушілерді жолда барынша сақ болуға шақырып отыр. Полицейлердің ескертуінше, жылдамдықты асыру, қарсы қозғалыс жолағына шығу және қауіпті манёвр жасау ауыр салдарға әкелуі мүмкін.
Аталған жол апатына байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.,