Алматыда әуе кеңістігі жабылды ма: әуежай түсініктеме берді

Qaz365.kz редакциясы
Фото: Qaz365.kz

Алматы халықаралық әуежайы әлеуметтік желілерде тараған әуе кеңістігі жабылды деген ақпаратқа қатысты түсініктеме берді. Кейбір жазбаларда қалада әскери іс-қимылдарға байланысты ұшулар тоқтатылғаны айтылған, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Алайда Алматы халықаралық әуежайы бұл мәліметті теріске шығарып, әуежайдың қалыпты режимде жұмыс істеп тұрғанын хабарлады.

Әуежайдың ресми мәлімдемесінде әуе кеңістігінің жабылмағаны, сондай-ақ әскери жағдай немесе әскери әрекеттер туралы ақпараттың шындыққа жанаспайтыны атап өтілді. Қосымша мәселелер бойынша уәкілетті органдарға жүгіну ұсынылды.

Онлайн-табло деректеріне сәйкес, қазіргі уақытта бірқатар рейстердің келуі мен ұшуы кешіктірілген. Атап айтқанда:

  • KC 641 – Алматы – Астана;

  • FS 7161 – Алматы – Түркістан;

  • FS 7052 – Астана – Алматы;

  • KC 852 – Астана – Алматы;

  • KC 594 – Пхукет – Алматы;

  • KC 162 – Фукуок – Алматы;

  • DV 5319 – Фукуок – Алматы.

Кейінірек бұл ақпаратты Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі де жоққа шығарды. Ведомствоның хабарлауынша, министрлік тарапынан әуе кеңістігіне қатысты ешқандай шектеу енгізілмеген, ал әлеуметтік желілерде тараған мәліметтердің нақты негізі жоқ.