«Пышақ іздері бар»: Атырауда «жоғалған» отбасының мүшелерінің мәйіттерінде жарақат анықталды

Qaz365.kz редакциясы

Бұл оқиға үлкен резонанс тудырып, түрлі қауесеттер желдей есті

Ашық дереккөзден

Қаңтардың басында Атырау облысы Жангелдин ауылындағы бүтін бір отбасының жоғалып кеткені жайлы ақпарат шықты. 6 қаңтарда ерлі-зайыптының мәйіті табылды. Бұл оқиға үлкен резонанс тудырып, түрлі қауесеттер желдей есті. Полиция кейбір деректерді жоққа шығарып, марқұмдардың денесіне пышақ жарақаты барын мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Полицияның мәліметіне қарасақ, марқұмдардың мәйітінде пышақ жарақаты бар. Дегенмен полиция сот-медициналық сараптаманың ресми жауабын күтеді. 

«Әлеуметтік желіде тағы да бір жалған ақпараттар таралды. Яғни, «ерлі-зайыптыларды тұншықтырған» немесе «денелеріне басқа да бір зақымдар келтірілген» деген секілді. Неше түрлі ақпарат тарады. Алайда полиция тарапынан мәлімдегіміз келеді: олардың денелерінде пышақ іздері бар. Яғни, шаншып, тығу арқылы жасалған дене жарақаттары тіркелген. Полиция мүрделерді сот-медициналық сараптамадан өткізді. Қазіргі таңда сарапшылардың нақты жауабы келуі қажет. Нақты бұл азаматтарға, яғни жәбірленушілерге қандай дене жарақаты салынды және олардың өліміне нақты қандай фактор әсер етті? Сот медициналық сараптама олардың нақты қай уақытта өлтірілгенін, нақты фактор әсер еткенін нақты мамандар шашырып анықтайды», — деп мәлімдеді Атырау облысы полиция басқармасының өкілі Мейірім Ердәулет КТК арнасына берген сұхбатында.

Айта кетейік, ерлі-зайыптының өлімінен кейін олардың 33 және 35 жастағы балаларынан әлі хабар жоқ. Ал марқұмдардың күйеу баласы – 29 жастағы Атырау тұрғыны күдікті ретінде іздестіріліп жатыр.