FlyArystan ұшағы Атырау әуежайында ұшу-қону жолағынан шығып кетті

Qaz365.kz редакциясы
Qaz365.kz/ Бауыржан Карипов

FlyArystan әуекомпаниясы Атырау әуежайында орын алған авиациялық оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Компанияның хабарлауынша, 2026 жылғы 14 қаңтарда Алматы – Атырау бағыты бойынша орындалған FS7202 рейсінің әуе кемесі Атырау әуежайында қонуын сәтті аяқтап, ұшу-қону жолағын босатқан. Алайда тұраққа қарай қозғалу кезінде төмен жылдамдықпен әуе кемелеріне арналған жолағының шегінен шығып кеткен.

Әуе кемесінің бортында болған 166 жолаушы мен экипаж мүшелерінің ешқайсысы зардап шекпеген.

FlyArystan әуежай қызметтерімен және авиациялық уәкілетті органдармен бірлесіп, қолданыстағы тәртіпке сәйкес оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тексеру жүргізіп жатқанын мәлімдеді.