Ресейдің Череповец қаласында орналасқан Череповец металлургия комбинаты аумағында екі қазақстандық азаматтың мәйіті табылды. Кәсіпорын Северсталь компаниясының құрамына кіреді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Оқиға 14 қаңтар күні өндірістік аумақта тіркелген. Кәсіпорын мәліметінше, марқұмдар мердігер ұйымдарда жұмыс істеген
«Бүгін, 14 қаңтарда ЧерМК өндірістік алаңында мердігер ұйымдардың екі қызметкері, Қазақстан азаматтары, өмір белгілерінсіз табылды. Қазіргі уақытта өлім себептері анықталып жатыр, оқиға орнында арнайы қызметтер жұмыс істеуде. Қаза тапқандардың жақындарына қайғыра көңіл айтамыз», – деп мәлімдеді компания өкілдері.
Оқиға орнына жедел-тергеу тобы жіберілген. Аймақ бойынша Ресей Федерациясының Тергеу комитетінің тергеушілері болған жағдайдың мән-жайын анықтап жатыр.
Қазіргі таңда қазақстандық азаматтардың қаза болу себептері ресми түрде жарияланған жоқ. Тергеу амалдары жалғасуда.