Атыраулық ерлі-зайыптыны өлтірді деп танылған күдіктінің қайда екені мәлім болды

Qaz365.kz редакциясы

Күдіктіні елге қайтару үшін халықаралық құқықтық рәсімдер жүргізіліп жатыр

Атырау облысы Жангелдин ауылында жоғалған отбасына қатысты жаңа мән-жай анықталды. Ерлі-зайыптылардың өліміне қатысы бар деп танылған күдіктінің қайда екені белгілі болды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, Ақбаян қазіргі таңда із-түзсіз жоғалған адам ретінде ресми түрде іздестіріліп жатыр. Ал негізгі күдікті саналатын Сұлтан Сәрсемәлиев халықаралық «қызыл деңгейдегі» іздеу тізіміне енгізілген. Бұл мәртебе оның қай елде жүргеніне қарамастан, шекарадан өтуге талпыныс жасаған сәтте, әуе немесе теміржол көлігіне мінгенде, сондай-ақ қоғамдық орында анықталған жағдайда бірден ұсталуы тиіс екенін білдіреді.

«Біз олардың қазіргі орналасқан жерінен хабардармыз. Қазір халықаралық құқықтық рәсімдер жүргізіліп жатыр. Жақын уақытта ұсталады деп күтілуде», - деп мәлімдеді полиция өкілдері.

Айта кетейік, бұған дейін полиция бүгін олардың тек Балиде емес, басқа да мемлекеттерде іздестіріліп жатқанын мәлімдеді.

Еске сала кетсек, бұған дейін полиция мәйіттері табылған ерлі-зайыптылардың денесінде пышақ іздері болғанын айтқан еді.