Олар ресми түрде хабар-ошарсыз кеткендер қатарына енгізілді
Бұл туралы Атырау облыстық төтенше жағдай департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Ведомствоның мәліметінше, 32 жастағы Наурыз Мұқанғали мен 35 жастағы Мейрамгүл Қарабалинаны ресми түрде іздеу тоқтатылды. Сол себепті олар ресми түрде хабар-ошарсыз кеткендер қатарына енгізілді.
Құтқарушылар Жангелді ауылында полиция көрсеткен барлық аумақты тексеріп, алайда жаңа деректерді анықтамаған.
«Полиция анықтаған барлық аумақ толық тексерілді. Қазір полиция департаментіне іздеуді жалғастыру туралы жаңа хабарламалар немесе өтініштер түскен жоқ», – деп хабарлады Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінен.