Көкшетауда шетел азаматтары отырған автобус жолаушылары эвакуацияланды

Qaz365.kz редакциясы

Жолаушыларға қажетті көмек көрсетілді.

Видеодан кадр

Қатты аяз бен жол жағдайының қауіпті болуына байланысты Ақмола облысының Көкшетау қаласында қалааралық автобус тоқтатылды, деп хабарлайды Qaz365.kz ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Автобус салонында 81 шетел азаматы, оның ішінде 17 бала болды. Барлық жолаушылар – Тәжікстан Республикасының азаматтары.

ТЖМ қызметкерлері полициямен бірлесіп адамдарды эвакуациялап, оларды бейімдеу орталығына және қалалық қонақүйге орналастырды. Жолаушыларға қажетті көмек көрсетілді.

Эвакуацияланғандар құтқарушыларға жедел әрекеттері мен қолдаулары үшін алғыстарын білдірді.