Үтікпен күйдіріп, қыздырылған шанышқы басқан: шымкенттік әйел балаларын аяусыз ұрып-соққан

Qaz365.kz редакциясы

Зәбір көрген балалар қазіргі таңда ауруханада ем қабылдап жатыр

Depositphotos.com

Шымкент қаласында 30 жастағы әйел 10 және 8 жастағы ұлы мен қызын аяусыз ұрып, денелерін үтікпен күйдірген, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Туыстарының айтуынша, әйел қызының шашын қиып, баланың аузына қыздырылған шанышқыны басқан. 

Зәбір көрген балалар қазіргі таңда ауруханада ем қабылдап жатыр. Қазіргі уақытта балалардың жағдайы тұрақты, есін жиып, сөйлей алады.

Аталған дерек бойынша іс тиісті органдардың бақылауына алынды. Ал әйелдің 3 және 1 жастағы өзге екі баласы қауіпсіздік мақсатында бөбекжайға орналастырылған.