Хромтауда дәмханада газ жарылып, бес адам зардап шекті

Qaz365.kz редакциясы
видеодан кадр

Ақтөбе облысындағы Хромтау қаласында қоғамдық тамақтану орны орналасқан бір қабатты ғимаратта газ жарылысы болды. Оқиға кеше кешкі сағат алты шамасында тіркелген, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Диапазон басылымына сілтеме жасап.

Әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбада жарылыстың қатты болғаны көрінеді: ғимараттың шатыры ұшып, артынан өрт шыққан.

Өңірлік Ақтөбе облысының ТЖД мәліметінше, 12 литрлік газ баллонынан газ-ауа қоспасының тұтануы салдарынан газ бен жалынның кенет шығуы орын алып, ғимарат қираған.

30 бен 60 жас аралығындағы күйік шалған бес адам ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлердің айтуынша, зардап шеккендердің бірі денесінің 20 пайызы күйіп, жансақтау бөлімінде жатыр. Қалған төрт адам травматология бөлімінде ем қабылдауда.

Оқиғаның себеп-салдары анықталып жатыр.