Қаскелеңде мектеп оқушысы сабақ үстінде көз жұмды

Qaz365.kz редакциясы
pixabay

Алматы облысының Қаскелең қаласында мектеп оқушысы сабақ барысында қайтыс болды. Қайғылы оқиға академик Қаныш Сәтбаев атындағы мектепте болған,  деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қарасай аудандық білім бөлімінің мәліметінше, 9-сыныпта оқитын 15 жастағы жасөспірім бірінші сабақтан кейінгі үзіліс кезінде кенеттен өзін жайсыз сезінген. Мектеп әкімшілігі дереу жедел жәрдем шақырған.

Алайда медицина қызметкерлері келгенше және жүргізілген реанимациялық шараларға қарамастан, оқушының өмірін сақтап қалу мүмкін болмады. Сол сәтте мектепте жергілікті атқарушы органдардың өкілдері де болғаны айтылды.

Марқұмның денесі сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Оқиғаға байланысты тексеру және тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.