Оралдағы шұжық цехында жұмысшы станокқа қысылып қайтыс болды

Qaz365.kz редакциясы

Полиция қылмыстық іс қозғаған

Ашық дереккөздерден

Оралда кәсіпорындардың бірінде жұмысшы станокқа қысылып көз жұмды, деп хабарлайды Qaz365.kz. 

"Мой Город" басылымының мәліметінше, 40 жастағы ер адам алған жарақаттарынан көз жұмған. 

Аталған деректі БҚО бойынша еңбек инспекциясы департаменті растаған. 

Ал полиция департаменті жұмысшының өліміне қатысты іс тіркеліп, қылмыстық іс қозғалыпты. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр