Олар Түркістан облысының Түлкібас ауданында жасырынған
Полиция 20 қаңтарда Шымкентте болған қанды төбелеске қатысқан тағы үш күдіктінің ізіне түсті. Олар Түркістан облысының Түлкібас ауданында жасырынған, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Шымкентте жол-көлік апатынан соң жүргізушілер мен жолаушылар арасында жанжал туындаған болатын. Төбелес барысында қатысушылар пышақ жарақатын алды. Зардап шеккендердің бірі – оңтүстік мегаполистің 40 жастағы тұрғыны – сол жерде қайтыс болды. Аталған факт бойынша "Кісі өлтіру" бабымен қылмыстық іс қозғалды.
Оқиғадан кейін жаппай төбелеске қатысқан бес адамға іздеу жарияланған еді.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, бұған дейін төрт қатысушы ұсталды. Қазір кісі өлтіру мен жаппай төбелеске қатысқан күдіктілердің барлығы уақытша ұстау изоляторына қамалған.