17 жастағы Эльдар Аманбектің өліміне қатысты 3 күдіктіге үкім шықты
Атырау облысында екі жыл бұрын 17 жастағы Эльдар Аманбекті досының туған күнінен қайтып келе жатқанда бір топ адам пышақтап кетті. Ол 3 досымен бірге қайтып келе жатқан. Екеуі жарақат алып аман қалды, бірі жанын сақтау үшін бұзақылардан қашып үлгерді. Іс бойынша 13 күдіктінің үшеуіне сот үкім шығарды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
17 жастағы Құлсары қаласының тұрғыны Эльдар Аманбек адамдарды суретке түсіріп, қосымша ақша тауып жүрген. 2024 жылы 18 қаңтардан 19 қаңтарға қараған түні ол достарымен бірге туған күнінен қайтып келе жатқан. Немолчиkz қоры жариялаған бейнежазбаларда Эльдар мен достарына жасөспірімдер топтасып шабуылдағаны көрінеді. Топтасып көлікті қоршап, екі баланы жаралады, біреуі қашып кетті. Эльдарды жаралап, маңызды артериясын кесіп жібереді. Эльдар сол сәтте жедел жәрдем келмей тұрып көз жұмды. Екі жылдан кейін ақыры 3 күдіктіге сот үкімі шықты. Немолчиkz қоры адам қайтыс болғанына қарамай, іс 99-бап бойынша қозғалмағанын атап өтті.
«Төрт адам әскерге кеткен, біреуі бір жыл бойы жасырынған, қалғандары үйқамаққа алынған. Көбі іс бойынша куәгер ретінде өткен. Біздің жазбадан кейін және қоғамдағы резонанстан соң барлық күдіктілер табылып, толық тергеу жүргізуге уәде берілді. Бірақ тағы бір жыл өтті. Қазан айында үкім шықты: 13 күдіктінің тек үшеуі ғана нақты мерзімге бас бостандығынан айырылды, қалғандары бостандыққа шықты немесе қатаң шектеумен қалдырылды. Ең ұзақ жазасы — 6 жыл 8 ай. Бұл қалай болғаны? Атырау полиция департаменті істі 293-бап («Бұзақылық») және 106-бап («Денсаулыққа зиян келтіру») бойынша сотқа тапсырған. Сот және прокуратура бұл баптарды растады», — деп жазды НемолчиKz.
Немолчиkz отбасы мен қоғамның мынадай сұрақтарға жауап алғысы келетінін айтты:
27 қаңтарда апелляциялық сот өтеді. Бұл — үкімді қайта қарап, қатаңдатуға мүмкіндік береді. 13 күдіктінің адвокаттары мен туыстары, сондай-ақ Эльдардың анасы сот залында болады.