Алматыда 16 жастағы жасөспірім биіктіктен құлап мерт болды

Qaz365.kz редакциясы

Полиция қылмыстық іс қозғады

 

Ашық дереккөздерден

Әлеуметтік желіде Алматыда 16 жастағы жасөспірімнің жоғарыдан құлап мерт болғаны туралы хабар тарады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

27 қаңтар күні Бостандық ауданы аумағында, Розыбакиев пен Сәтбаев көшелері маңындағы тұрғын үй кешендерінің бірінде 16 жастағы жасөспірім биіктіктен құлап, оқиға орнында көз жұмған.

Куәгерлердің айтуынша, жасөспірім оқиға алдында жазба қалдырған болуы мүмкін.

Бұл фактіні Алматы полиция департаментінің ресми өкілі растады.

– Аталған оқиға бойынша Алматының Бостандық ауданының полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Мән-жайы мен себеп-салдары анықталып жатыр, – деді ПД баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбек.