Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында ер адам өз жұбайын өлтірді деген күдікке ілінді. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, оқиға 29 қаңтар күні тұрмыстық жанжал кезінде болған, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа қарағанда, 43 жастағы ер адам жанжал барысында әйеліне пышақ сұғып, салдарынан 44 жастағы жәбірленуші оқиға орнында көз жұмған. Ерлі-зайыптының артында жеті баласы қалғаны айтылды.
Полиция күдіктіні ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады. Аталған дерек бойынша «Адам өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Құқық қорғау органдарының хабарлауынша, қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық және объективті анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.