Алматыда жүк көлігі жаяу жүргіншіні басып кетті

Qaz365.kz редакциясы

Жаяу жүргінші оқиға орнында көз жұмды

Фото: istockphoto.com

31 қаңтарда Алматыдағы Райымбек даңғылы мен Розыбакиев көшесінің қиылысында жүк көлігінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Видеода ер адамның жолды кесіп өткені көрінеді, бірақ бір секундтан кейін ол жүк көлігінің дөңгелектерінің астында қалады.

Нәтижесінде жаяу жүргінші алған жарақаттарының салдарынан оқиға орнында көз жұмды.

Құзырлы органдардың мәлімдеуінше, жыл басынан бері аталған қиылыста екі жол апаты болып, өліммен аяқталған.

Қазіргі уақытта полиция департаменті сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Жол апатының барлық мән-жайлары анықталуда.