Бесінші сәбиін күтіп жүрген ана жұбайымен бірге жол апатынан көз жұмды

Qaz365.kz редакциясы

Ер адам әйелін дәрігерге апара жатқан

autoassa.ru

Ақмола облысындағы «Ақсу – Бестөбе – Изобильное» автожолында жол-көлік оқиғасы болып, салдарынан ерлі-зайыпты көз жұмды. Қайғылы оқиға LADA Largus пен Toyota Land Cruiser Prado көліктерінің соқтығысуынан болған, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі baq.kz-ке сілтеме жасап.

Алдын ала мәліметке сәйкес, апат салдарынан LADA көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы – жүкті әйел мен оның жұбайы оқиға орнында қаза тапқан. Марқұм әйел төрт баланың анасы, бесінші сәбиіне аяғы ауыр болған.

Белгілі болғандай, ер адам жұбайын ультрадыбыстық тексеруге (УДЗ) апара жатқан. Алайда жолдағы апат қайғылы жағдаймен аяқталған.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, жол апатының нақты себептері анықталып жатыр. Құзырлы органдар оқиғаның барлық мән-жайын тексеруде.